Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 102,2 пайызды құрады
ОРАЛ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тамызда инфляция деңгейі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,2 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-тамызында азық-түлік тауарларының бағасы 2,3 пайызға өсті.
Еттің бағасы 8,2 пайызға, соның ішінде шошқа еті - 4,6, жылқы еті - 9,6, қой еті - 11,5, сиыр еті 12,6 пайызға қымбаттады.
2012 жылдың қаңтар-тамызында көкөністер бағасы - 7,8 пайызға, соның ішінде қызылша - 7,4, сабақты пияз - 9,8, қияр мен қызанақ сәйкесінше - 28,6 және 36,3 пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде сүт өнімдері бағасы - 0,2, май және тоңмай - 2,8, жұмыртқа - 17,7, жарма 16,3 пайызға түсті.