Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 103,6 пайызды құрады

ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қарашада инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.

Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 103,6 пайызды құрады

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы он бір айда азық-түлік тауарларының бағасы 3,9 пайызға өсті.

Еттің бағасы 9,9, соның ішінде шошқа еті - 7,9, жылқы еті - 11,2, қой еті - 13,5, сиыр еті 14,7 пайызға  көтерілді. Кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 4,5, қант - 4,8, ұн - 12, нан - 3,3, макарон өнімдері  1,6 пайызға қымбаттады.

Жыл басынан бері көкөніс бағасы - 4,6, соның ішінде басты пияз - 6,1, қызылша - 7,4, қияр - 4,4, қызанақ - 14,7

пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма  бағасы  16,3 пайызға түсті.