Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 41,7 млрд. теңгені құрады

ОРАЛ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда негізгі қаржыға қосылған инвестиция көлемі 41,7 млрд. теңгені құрады.

Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 41,7 млрд. теңгені құрады

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының едәуір бөлігі, атап айтқанда, 68,3 пайызы өнеркәсіпке, 13 пайызы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 5,3 пайызы көлік және қоймалауға, 5,1 пайызы білім беруге, 1,7 пайызы ақпарат және байланысқа, 1,1 пайызы сауда саласына бағытталды.

Инвестицияның 43,2 пайызы Бөрлі, 25 пайызы Зеленов аудандарының, 21,9 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді.