Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2764,9 млн. теңгеге жетті

ОРАЛ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 сәуірге ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2764,9 млн. теңгеге жетті.

Батыс Қазақстанда кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2764,9 млн. теңгеге жетті

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде жалақы қарызы - 65,1 млн. теңге.

Биылғы бірінші тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 98478 млн. теңгенің өнімін өндірген болатын, бұл өткен жылғыдан 3 пайызға көп. Аталмыш салада жұмыс жасайтындар саны 3 пайызға өсіп, 94163 адамға жетті.