Батыс Қазақстанда қатты жел ондаған ғимараттың шатырын зақымдады

АСТАНА. Қазанның  27-сі.  ҚазАқпарат -   Батыс Қазақстан  облысының  бірқатар  аудандарында          қатты    желдің   салдарынан   ондаған ғимараттың   шатырлары  зақымданды, 
None
None

 деп   хабарлайды ҚР Төтенше   жағдайлар министрлігінің  баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі күні  кешке   облыстың  бірқатар  аудандарында солтүстік-шығыстан       секундына 18-23 метр жылдамдықпен соққан   қатты желдің   салдарынан  мектеп ғимараттары, дәрігерлік амбулаториялар, кітапханалар,    басқа да   нысандар      зақымданды.    Құрбан болғандар  мен   зардап шеккендер жоқ.   Келген  шығындарды анықтау мақсатында оқиға орнында   қазір арнайы    комиссия  жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар