Батыс Қазақстанда «Қауіпсіздік апталығы» жедел алдын алу шаралары басталды

ОРАЛ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бүгін «Қауіпсіздік апталығы» жедел алдын алу шаралары басталды.
None
None

БҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған республикалық шара 2 шілдеге дейін созылмақ. Осы уақытта жол полициясының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Жол оқиғаларының алдын алуға, тұрғындармен, әсіресе, балалармен түсінік жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілмек. Бүгіннен бастап балалар мекемелерінде, жазғы лагерьдерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Айталық, «Дарын» қосымша білім беру орталығында 3-4 сынып оқушылары үшін «Үздік шығарма», «Үздік сурет» сынды жол қауіпсіздігіне арналған шаралар өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар