Батыс Қазақстанда Қайрат-Мұратсай-Сайқын газ құбыры пайдалануға берілді

ОРАЛ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Қайрат-Мұратсай-Сайқын газ құбыры пайдалануға берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осыған орай қаңтардың 30-ында Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқында салтанатты түрде газ алауы жағылды. Аталмыш газ құбыры өткен жылы басталып, бастапқыда республикалық бюджеттен ? 500 млн., облыстық қазынадан 600 млн. теңге бөлінген болатын. Болашақта тарихи мекен ? Орда ауылын да газдандыру қарастырылатын болады. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, биылғы басты жобалардың бірі ? Қарашығанақ-Орал магистральды газ құбыры құрылысы. Одан Теректі ауданы орталығы Федоровқа газ тартылады. Содан кейін Сырым мен Қаратөбе аудандары бағытында газ құбырын тарту жұмыстары басталады.
Соңғы жаңалықтар