14:42, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі өнімінің бағасы 39,5 пайызға арзандады
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен желтоқсанда 2007 жылдың осы айымен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі өнімінің бағасы 39,5 пайызға арзандады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Соның ішінде шикі мұнай ? 44,4, газ конденсаты 42,6 пайызға төмендесе, табиғи газ 45,7 пайызға қымбаттады. Өңдеу өнеркәсібінде баға осы кезеңде 19,2 пайызға, соның ішінде ет өнімдері ? 35,2, қалбырланған балық және балық өнімдері ? 27,5, сыра ? 21,6, ұн-жарма өнімдері 12,4 пайызға көтерілді. Сондай-ақ электр қуаты, газ бен суды өндіру мен тарату өндірісінде баға 24,7 пайызға өсті.