Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда кейбір жұқпалы дерттер өршіп кетіп отыр

ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда кейбір жұқпалы дерттер өршіп кетіп отыр,

Батыс Қазақстанда кейбір жұқпалы дерттер өршіп кетіп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Өткен жылы ЖҚТҚ ауруына екі адам шалдықса, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар саны 46-ға жетіп, 2007 жылғыдан 2,3 есеге көбейді. Өңірде сондай-ақ геморрагиялық безгек ауруымен 30 адам науқастанса, соның сегізі желтоқсан айының үлесіне тиеді. Облыстың бес ауданы мен Орал қаласында 26 бруцеллез (2007 жылы ? 18), 2116 қызамық (247) дерті тіркелді. Сол секілді бактериялы дизентерия ? 19 пайызға, ротавирусты энтерит 1,7 есеге өссе, туберкулез ? 11,9, жұқпалы жоғары тыныс жолдары ауруы 11 пайызға азайды.