Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда көкөніс бағасы 6,7 пайызға төмендеді

ОРАЛ. 21 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы мамырда тауарлар мен қызметтер бағасы өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 1,8 пайызға көтерілді.

Батыс Қазақстанда көкөніс бағасы 6,7 пайызға төмендеді

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы бес айда азық-түлік тауарларының бағасы 102 пайызды құрады. Ет және ет өнімдері 7,3, қант 10,2 пайызға қымбаттаса, осы кезеңде көкөніс керісінше 6,7, жарма 5,5, май және тоңмай 3,2, жұмыртқа 2,9, ұн 1,8 пайызға төмендеді.

Азық-түліктік емес тауарлар бағасының индексі 101,6 пайызды құрап, соның ішінде киім мен аяқкиім 1,5, шыны бұйымдар 3,2, асханалық керек-жарақ 4,5, өсімдіктер мен гүлдер 4,3, қатты отын 5,3, бензин 4,5, дизель отыны 17,7 пайызға қымбаттады.

Жыл басынан бері ақылы қызмет бағасы 1,8 пайызға ғана көтерілді.