Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда көктемгі-далалық жұмыстарды атқаруға 637,4 млн. теңге субсидия бөлініп отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында көктемгі-далалық жұмыстарды атқаруға қажетті жанар-жағар май, материалдық-техникалық ресурстар үшін мемлекеттен 637,4 млн. теңге субсидия бөлініп отыр,

Батыс Қазақстанда көктемгі-далалық жұмыстарды атқаруға 637,4 млн. теңге субсидия бөлініп отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұған қоса алдағы науқандық жұмыстарға ауылдық несие серіктестіктері мен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-дан да қаржы тарту қарастырылған. Биыл өңірде жоспар бойынша 595,29 мың гектар жерге дәнді дақылдар егілмек. Бұл өткен жылғыдан 10 мың гектарға көп. Соның ішінде жаздық бидай ? 306,61 мың, күздік бидай ? 70,29 мың, арпа 150,29 мыңға, қалған жерге тары, сұлы сияқты дақылдар орналастырылмақшы. Майлы дақылдар да 27,39 мың гектардан кем болмайды. Республикалық трансферт есебінен бөлінген 8 млн. теңгеге жеңілдетілген бағамен 360 тонна тыңайтқыш сатып алынбақшы. Биыл көктемгі егіске мың жарымдай тұқым сепкіш агрегат қатысатын болса, соның отыз шақтысы ? «Джон Дир», «Флексикойл», «Кейс» маркалы кешенді техникалар. Қажетті 12 мың тонна дизель отыны да бөлініп қойылған. Облысқа қажетті жанар-жағар майды «Уникс» ЖШС жеткізуде.