11:47, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда көтерме сауда айналымы 200 млрд. теңгеден асты
ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 74,5 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тауар айналымының барлық көлемі мемлекеттік емес сектордың үлесіне тиеді. Базарлар мен жеке кәсіпкерліктегі тауар айналымы 39,5 млрд. теңгені құраса, сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымы өткен жылғыдан 1,7 пайызға өсіп, 35,0 млрд. теңгеге жетті.
Бір жылдағы көтерме сауда айналымы 201,4 млрд. теңге болды. Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 5740,8 млн. теңгенің қызметін көрсетсе, соның 82,9 пайызы ? жеке, 17,1 пайызы шетелдіктердің үлесіне тиеді. Мұндағы кәсіпорындар негізінен Бөрлі ауданы (69,3 пайыз) мен Орал қаласында (30,7) орналасқан.