Батыс Қазақстанда ҚР Конституциясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілмек

РАЛ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ҚР Конституциясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілмек.

Батыс Қазақстанда ҚР Конституциясының 15 жылдығы кеңінен аталып өтілмек

Облыстық ішкі саясат басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тамыздың 26-сында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ел Конституциясы - даму мен тұрақтылықтың негізі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция, облыс кітапханаларында «Конституция - ұлттың ең маңызды құжаты» атты шара ұйымдастырылса, тамыздың 27-сінде салтанатты жиындар, еңбек ардагерлерімен кездесулер, мерекелік концерт, мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада өткізіледі.

Тамыздың 30-ында Орал қаласындағы орталық Абай алаңында еңбек ұжымдарының шеруі, салтанатты жиын, концерттік бағдарлама, мәдени-спорттық шаралар, кешкісін гала-концерт мерекелік отшашуға ұласады.

Қала мен облыс аудандарында Ата заңға арналған басқа да шаралар ұйымдастырылуда.