18:04, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда күн күрт суытып кетті
ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы аумағында қаңтардың 13-і күні таңертең ауа райының температурасы 31 градусқа төмендегенін хабарлады.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, жергілікті органдарға, мекеме-кәсіпорындарға тұрғындар арасында қайғылы оқиғаны болдырмау жөнінде кешенді шаралар алу тапсырылды. Сондай-ақ өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс желілерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мән берілді. Күннің күрт суытуына байланысты жыл сайын өңірде жүзге жуық адамның үсігені тіркеледі. Мұндай жағдайда автокөліктердің шалғай елді мекендерге шығуына да шектеу қойылады.