Батыс Қазақстанда күн райы бұзылып, күшті жел тұрады

ОРАЛ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан орталығының мәліметіне сәйкес 30 мамыр күні күн райы бұзылмақ.

Батыс Қазақстанда күн райы бұзылып, күшті жел тұрады

Облыстың кей жерлерінде дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелерге төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар алу қажеттігі жөнінде ескерту жасады.