12:38, 31 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда құтыру ауруынан алты жасар қыз бала қайтыс болды
ОРАЛ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында құтыру ауруынан 2003 жылғы алты жасар қыз бала қайтыс болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық санэпидқадағалау департаментінің мәліметіне қарағанда, бұл оқиға Зеленов ауданы Рубежка ауылына Қарақалпақстаннан биыл жазда көшіп келген оралман отбасында орын алды. Әкесінің айтуынша, тамызда қызды мысық тістеп алған. Бірақ бұған ешкім мән бермеген. Тек төрт айдан кейін құтыру белгілері анық байқалған. Қыз облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілгенімен, ажал тырнағынан аман қалмады.
Бұған дейін құтыру дерті биыл облыста тіркелмесе, өткен жылы өз иті қапқан ер адам қайтыс болған еді.