Батыс Қазақстанда қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған сот құрылды

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы желтоқсанның 29-ындағы «Қазақстан Республикасының кейбір мамандандырылған соттарын құру және тарату туралы» № 910 Жарлығына байланысты Батыс Қазақстан облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылды.

Батыс Қазақстанда қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған сот құрылды

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады. Жарлық биылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енуіне байланысты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот өз қызметіне кірісті.