Батыс Қазақстанда мектептер салу мен күрделі жөндеуге баса көңіл бөлінбек

ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мектептер салу мен күрделі жөндеуге баса көңіл бөлінбек.Бұл туралы қаңтардың 28-інде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Таяуда «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына сәйкес шалғайдағы Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында 600 орындық мектеп пайдалануға берілетін болса, қаладағы 5-ықшамауданда 900 млн. теңгеге интеллектуалды мектеп құрылысы басталып, ол келесі жылы аяқталмақ. Тасқала мен Қаратөбе аудандарында 100 орындық интернатымен бірге 300 орындық мектеп ғимараты, Қазталовтың Жалпақталы мен Теректінің Подстепныйында кәсіптік-техникалық мектеп бой көтермек. Сондай-ақ Бөрлінің Қызылталы мен Сырымның Бұланында, Теректінің Яик ауылы мен Шыңғырлаудың Қуағашында мектептер салынып, 42 мектепке күрделі жөндеу жасалмақ. Барлығы 1045 орындық үш балабақша құрылысы жүргізілмек. Облыста барлығы 435 мектеп болса, 2008-2009 жылдары соның 25 пайызы күрделі жөндеуден өткізілмек.
Соңғы жаңалықтар