Батыс Қазақстанда «Мемлекеттік тіл - мемлекеттілік нышаны» атты облыстық тіл фестивалі қорытындыланды

ОРАЛ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда «Мемлекеттік тіл - мемлекеттілік нышаны» атты облыстық тіл фестивалі қорытындыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Орал жол бөлімшесінің қызметкері Мақсот Әндіжанұлы, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Гүлнәз Құлжанова, «Қазақстан» РТРК» БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев және басқалар алғысхатпен марапатталды. «Үздік емхана» аталымы бойынша Орал қаласындағы №3 емхана жеңімпаз атанса, №19 «Золотой петушок» және №28 «Қарлығаш» балабақшасы «Үздік қалалық балабақша» аталымына ие болды. Ауылдағы балабақшадан Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы «Балауса» балабақшасының мәртебесі биік болды.

Фестиваль барысында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, онда тіл жанашырлары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар