19:36, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай шаралар өткізілуде
ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай шаралар өткізілуде,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпанның 27-сінде партияның облыстық және аумақтық филиалдарында ашық есік күні ұйымдастырылып, партияның қызметі туралы көрмелер ашылды. Партияның құрылып, қаз басуына үлес қосқан тұлғалар атап өтіліп, көркемөнерпаздар өнер көрсетті. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет азаматтарды қабылдады.
Бүгін сондай-ақ жас саясаткерлер мектебінің кезекті отырысы болып, онда партияның қоғамдағы орны, кешегісі мен бүгіні туралы мағлұмат берілді. Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар бастаған халық қалаулыларының да қосып отырған үлесі атап өтілді.