Батыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде 64,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 61,7 пайызға өсті

ОРАЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда өңдеу өнеркәсібінде 64,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 61,7 пайызға артық.

Батыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде 64,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 61,7 пайызға өсті

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, әсіресе, өңірде металлургия өнеркәсібінде өнім көлемі 8,1 есеге өсіп отыр. Бұл салада 3517,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда, ұнтақталған шар, профнастил, сорғы-компрессорлық құбырлар шығару ұлғайды. Сондай-ақ тоқыма бұйымдары - 2,5, киім тігу - 1,9, басқа металл емес минералдық өнімдер 1,5 есеге артты. Тек мұнай өндіру - 28,2, машина жасауда өнім көлемі 3,1 пайызға төмендеп отыр.