13:52, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 37,7 пайызға өсті
ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 666,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, кен өндіру өнеркәсібінде 602,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 96,1 пайыз. Бұл табиғи газ өндірудің 1,2, газ конденсатының 1,5 пайызға кемуіне байланысты болып отыр. Есесіне өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 48,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 37,7 пайызға асып түсті. Әсіресе, металлургия өнімі - 8,8, тоқыма өнімдері - 2,5, сусын өндіру - 1,6, машина жасау 1,5 есеге өсті.