Батыс Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 23,1 пайызға төмендеді

ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қаңтар айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 23,1 пайызға төмендеді,

Батыс Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 23,1 пайызға төмендеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, кен өндіру өнеркәсібі өнімдері - 25,7, соның ішінде шикі мұнай ? 32,6, газ конденсаты 27 пайызға арзандаса, табиғи газ 0,3 пайызға қымбаттады. Өңдеу өнеркәсібінде өнім бағасы 1,4 пайызға көтерілді. Дайын мал азығы ? 6,8, кокс, мұнай өнімдері 5,4 пайызға қымбаттады. Өсімдік майы ? 8,7, астық-жарма өнімдері ? 3, ет өнімдері 0,2 пайызға арзандады.