11:55, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Орал өңірін тану жылы аясында шаралар ұйымдастырылуда
ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда Орал өңірін тану жылы аясында шаралар ұйымдастырылуда.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жаяу туризм техникасынан І облыстық семинар-жарысқа өңірдегі кәсіптік лицейлер мен колледждерден 15 команда қатысты. Олар түрлі кедергілерден өту, топографиялық белгілер түсіруден сынға түсті.
Сайыс қорытындысында Ақжайық ауданының №14 кәсіптік лицейі жеңімпаз атанса, Тасқаладан №20 лицей ? екінші, бөрліліктер үшінші орынды иеленді.
Мұндай жарыстар жыл бойы өткізілмек.