Батыс Қазақстанда өрт көбейіп, бес күннің ішінде төрт адам қаза тапты

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қаңтардың 1 мен 5-і аралығында 15 өрт оқиғасы тіркелді.
None
None
Бұл өткен жылғыдан 25 пайызға көп. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің аға маманы Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның салдарынан төрт адам қаза тапты. Бөрлі ауданы Қарағанды ауылында жеке үйде болған өрттен кейін 1945 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Ал Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 1999 және 1993 жылы туған ағайынды екі бала түтінге уланып қайтыс болған. Сондай-ақ Зеленов ауданы Рубежка ауылының бір тұрғыны да өрттің құрбаны болды.
Соңғы жаңалықтар