Батыс Қазақстанда өрт оқиғасы 21 пайызға өсіп отыр

ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 680 өрт оқиғасы болып, 18 адам қаза тапты, 27 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Батыс Қазақстанда өрт оқиғасы 21 пайызға өсіп отыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Павел Филипповтың айтуынша, 2011 жылмен салыстырғанда өрт оқиғасы 21 пайызға өсіп отыр. Негізінен бұған адамдардың отты пайдаланған кезде абайсыздық танытуы себепкер.

Сондай-ақ 2012 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатымен облыстың 246 кәсіпорнына тексеру жүргізілген. Нәтижесінде қауіпсіздік ережесін бұзудың 2265 фактісі анықталып, олқылыққа жол берген 232 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.