Батыс Қазақстанда өрт тағы бір адамның өмірін жалмады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 23-26 тамыз күндері Шыңғырлау ауданының аумағында өрт оқиғалары орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Аудандық ТЖ бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, Ақбұлақ ауылдық округінде 13800 га, Қарағашта 39 мың га, Лубенде 16 мың га, Белогорда 4 мың, Шыңғырлауда 10 га құрғақ шөп жанды. Кейбір жерлерде электр желілері, орман, пішен де отқа оранды. Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат елді мекенінде 43 үй жарықсыз қалды. Өртті сөндіруге ауданның барлық техникалары мен жергілікті халық жаппай жұмылдырылды.
null

Сонымен қатар Бөрлі, Сырым, Қаратөбе аудандары және Орал қаласынан келген өрт сөндірушілер де қатысты. Ақбұлақ ауылдық округінде - 7 техника, 25 адам, Қарағашта - 11 техника, 110 адам, Лубенде -12 техника, 60 адам, Белогорда - 5 техника, 35 адам, Шыңғырлаудан 5 техника, 35 адам, орталықтағы мекемелерден, соның ішінде орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен 8 техника, 25 адам, «Шыңғырлаукомтехсервис» мекемесінен -7 техника, 8 адам, өрт күшейген шамада қосымша тағы 9 техника, 82 адам жіберіліп, төртінші күн дегенде «тілсіз жау» ауыздықталды. Ауданнан барлығы 64 техника, 380 адам жұмылдырылды. Оралдан қос техникамен 25 адам келді. Шеттен келгендерді қосқанда, өртті сөндіруге мың шақты адам қатысты.

null null
Қазіргі кезде өрттен келген шығын нақтылануда.

Аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Ербол Байзеновтің айтуынша, өрттен Қарағаш ауылдық округінің 1993 жылғы тұрғыны көз жұмды. Ол 24 тамыз күні сағат 13.00-де үйінен жылқы іздеймін деп, шығып кеткен. Марқұмның денесі 25 тамыз күні сағат 12.50-де табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 30 шілде күні Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде далада болған өрттен зардап шеккен 1990 жылғы тұрғын кейін көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram