20:07, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда орташа жалақы 60 мыңға жуықтады
ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 58571 теңгеге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Орташа жалақы, әсіресе, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінде ? 46,8, жылжымайтын мүлікпен айналысатын кәсіпорындарда ? 36,8, құрылыста ? 22,7, өнеркәсіпте ? 18,6, көлік пен байланыста 17,3 пайызға өсіп отыр. Облыстық орта көрсеткіштен өнеркәсіп кәсіпорындарында жасайтын қызметкерлер жалақысы ? 2, құрылыста ? 1,9, жылжымайтын мүлікте ? 1,6, қаржы қызметінде және сауда, көлік пен байланыста 1,4 есеге жоғары болып отыр.
Өңірдегі ең жоғары орташа жалақы Қарашығанақ кеніші орналасқан Бөрлі ауданында 137636 теңгеге жетсе, Оралда 49993 теңгеден айналып отыр.