Батыс Қазақстанда орташа жалақы мөлшері алдағы жылы - 7,4, 2014 жылы 22,9 пайызға өспек

ОРАЛ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жылмен салыстырғанда, жұмыссыздар саны 2010 жылы 0,5 пайызға азайып, 21,9 мың, 2014 жылы 1,4 пайызға кеміп, 21,7 мың адамды құрамақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған болжамына қарағанда, жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы - 6,2, 2014 жылы 6,0 пайыз болмақ. 2010 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 9,0 пайызға ұлғайып, 2756 теңгені құраса, 2014 жылы 47,2 пайызға өсіп, 3720 теңгеге жетпек. Бұл көмекті алушылар қатары 2010 жылы 0,8 пайызға қысқарып, 11,9 мың, 2014 жылы 4,2 пайызға азайып, 11,5 мың адам болмақ.

Орташа жалақы мөлшері 2010 жылы - 7,4 пайызға ( 63836,3 теңге ), 2014 жылы 22,9 пайызға ( 73094,0 теңге ) өспек.

Еңбекке орналасуға өтініш білдіргендерді жұмыспен қамтуды 62,1 пайыздан 2014 жылы 71,5 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар