Батыс Қазақстанда прокуратураның араласуымен жыл басынан бері 447 млн. астам жалақы қарызы өтелді

 ОРАЛ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 447 млн. теңгеден астам жалақы қарызы өтеліп, 6983 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.

Батыс Қазақстанда прокуратураның араласуымен жыл басынан бері 447 млн. астам жалақы қарызы өтелді

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы кезеңде еңбек заңнамасының сақталуына байланысты 30 тексеру жүргізіліп, 1576 заңбұзушылық анықталды. Жалақы берешегін өтеу мақсатында 36 ұйғарым енгізіліп, 8-і мәжбүрлі түрде орындалды, 72 наразылық қанағаттандырылды. 49 заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс қаралды. 37 тұлға тәртіптік, 55 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы салаға қатысты облыс соттарымен қаралған 58 азаматтың істің 45-і қанағаттандырылды.

Қазіргі кезде жалақы берешегі 43,2 млн. теңгені құраса, соның ішінде «Кеме жөндеу зауыты» ЖШС-ға - 1,3 млн. теңге, «Қазавтотранс» АҚ филиалына - 1,4 млн. теңге, «Металл бұйымдары» бірлескен кәсіпорны» ЖШС-ға - 34,3 млн. теңге, «Флот» ЖШС-ға - 2,9 млн. теңге, «Батысжолқұрылыс» ЖШС-ға 1,5 млн. теңге тиесілі.