Батыс Қазақстанда прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекетке келтірілген 182 млн. теңге шығын кері қайтарылды

ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы қылмыс деңгейі 7 пайызға төмендеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары алты ұйымдасқан топтың, 12 қылмыс серкесінің жолын кесті. Шымкент-Орал есірткі тасымалына тосқауыл қойылды. 18 киләдан астам героин, 53 килә марихуана заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі кезде облысқа есірткі заттарын жеткізіп жүрген ұйымдасқан топ басшысы мен екі белсенді мүшесі қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Жыл ішінде прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекетке келтірілген 182 млн. теңге шығын кері қайтарылды. Салық заңнамасын сақтауға қатысты тексерістер қорытындысы бойынша 16 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылып, уақытында салық төлемеген 81 салық төлеушіге 4 238 446 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Соңғы жаңалықтар