Батыс Қазақстанда салық жинау болжамы 109 пайызға орындалды

ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша салық департаменті 2008 жылы болжамдағы 279,9 млрд. теңгенің орнына мемлекет қоржынына 305,1 млрд. теңгенің түсуін қамтамасыз етті, сөйтіп болжам 109 пайызға орындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осының ішінен 261,4 млрд. теңге республикалық бюджетке аударылса, жергілікті қазынаға 43,7 млрд. теңге түсті. 2007 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 155,7 млрд. және 32,6 млрд. теңге болған еді.
Соңғы жаңалықтар