Батыс Қазақстанда самбодан әлем чемпиондары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Ташкент қаласында самбодан өткен әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін қабылдады.

Батыс Қазақстанда самбодан әлем чемпиондары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Аталмыш біріншілікте Ерболат Байбатыров осымен үшінші рет әлем чемпионы атанса, Азамат Мұқанов тұңғыш рет жеңіс биігіне көтерілген болатын. Ал Саят Шәмшиев пен Альмира Исатаева қола жүлдені иеленді. Азамат жаңа пәтердің кілтіне ие болса, Ерболат, Саят, Альмира қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Салтанатты рәсімде облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов, самбодан әлем чемпионы Қоныс Жетпісов және Азамат Мұқанов спортқа жасаған қамқорлығы үшін облыс әкіміне ризашылығын білдірді.