Батыс Қазақстанда сайлаушылар саны 430 мыңнан асты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 1 қаңтардағы мәлімет бойынша сайлаушылар саны 430 865-ке жетті.

Батыс Қазақстанда сайлаушылар саны 430 мыңнан асты

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Жасұлан Нұрғожиннің айтуынша, өткен жылғы Президент сайлауы кезінде 404 мың сайлаушы болса, қазір олардың қатары көбейіп отыр. Соған байланысты қосымша 21 сайлау учаскесі құрылса, соның 17-сі қалада, төртеуі аудандарда. Барлық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері мен шекаралары анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Биылғы 20 наурызға белгіленген Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға әзірлік күн санап қыза түсуде. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімі жасалып, олардың саны нақтылану үстінде», деді Ж.Нұрғожин.