11:42, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда сегіз денсаулық сақтау нысаны салынып, 23-і күрделі жөндеуден өткізілмек
ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында сегіз денсаулық сақтау нысаны салынып, 23-і күрделі жөндеуден өткізілмек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі кезде «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына сәйкес емдеу мекемелері қалада да, аудандарда да тұрғызылуда. Сондай-ақ, 2009 жылға жоспарланған нысандар қатарында Оралдағы «Зенит» зауыты ауданында №1 алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем орталығы, Круглоозерный, Желаев кенттерінде дәрігерлік амбулаториялар, Бөрлі ауданы Қарашығанақ ауылында медпункт бар. Сонымен қатар 1 млрд. 180 млн. теңгеге 23 аурухана күрделі жөндеуден өткізілмек.