Батыс Қазақстанда сегіз жүзден астам адам сарбаз атанды

ОРАЛ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында үш айға созылған күзгі әскер қатарына шақыру маусымы кезінде сегіз жүзден астам адам сарбаздар қатарын толықтырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық қорғаныс істері департаментінің мәліметі бойынша, олардың көпшілігі Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарына түскен. Яғни олар Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне қарасты әскери бөлімдерде азаматтық борыштарын өтеуде. Жаңа жыл қарсаңында балаларының әскери ант қабылдау салтанатына барған ата-аналар ауылдарына риза болып оралды. Өйткені әскерде сарбаздарға барынша жағдай жасалған. Соңғы жылдары еліміздің Қарулы Күштеріне жаңа үлгідегі қару-жарақ, құрал-сайман көптеп алынуына байланысты әскерге білімді жастарды көбірек тарту көзделуде. Айталық, өткен жылы БҚО-дан аттанғандардың сексен пайызға жуығының дипломы бар. Оның жартысына жуығы ? жоғары білімді мамандар. Жалпы, өткен жылы өңірде он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы 4 мыңнан астам азамат шақырылымға іліксе, соның жартысына жуығы ғана жауынгер атанды. Қалғандары денсаулығына, отбасылық жағдайына, оқуына, білім деңгейіне және басқа да себептерге байланысты шегерілім алды.
Соңғы жаңалықтар