Батыс Қазақстанда шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсетіліп отыр
ОРАЛ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсетіліп отыр.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылдың он бір айында екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес нысандарына 16,0 млрд. теңге несие берген.
2010 жылы ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамыту үшін 187,2 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдау,а 359,0 млн. теңге берілді.
Облыстың шағын несие ұйымдары 678,3 млн. теңгенің 881 шағын несиесін бөлсе, соның ішінде республикалық бюджеттен - 35,5 млн. теңгенің 97, республикалық бюджеттің қайтарылатын қаржысы есебінен - 104,4 млн. теңгенің 292, жергілікті қазынадан - 150,0 млн. теңгенің 46, жергілікті бюджеттің қайтарылатын қаржысы есебінен - 125,5 млн. теңгенің 53, басқа көздерден 262,9 млн. теңгенің 393 несиесі үлестірілді.