Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандары 20,7 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді

ОРАЛ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 19072 белсенді шағын кәсіпкерлік нысанында 68944 адам ( сәйкесінше өткен жылғы сәуірдің 1-індегіден 1,5 және 1,4 пайызға көп ) еңбек етеді, олар биылғы бірінші тоқсанда 20736 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылғыдан 1,9 пайызға артық.

Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандары 20,7 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының ішінде заңды тұлғалардың үлесі мол. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы 2068 заңды тұлға 15669 млн. теңгенің өнімін өндірді. Сондай-ақ 13398 жеке кәсіпкер 4200 млн., 3606 шаруа қожалығы 867 млн. теңгенің өнімін шығарды.

Биылғы сәуірдің 1-іне дейін өңірде 4381 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылғы осы кездегіден 7,9 пайызға артық.