Батыс Қазақстанда сиыр бірден үш бұзау туды
ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы Тау ауылдық округіне қарасты И.Жұмаев атындағы елді мекенде қызық оқиға болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш елді мекен тұрғыны Асқар Есімовтің «Қарагөз» атты сиыры табиғи жолмен бірден үш бұзау туды. Иесінің айтуынша, алдымен екі төл бірінен соң бірі қатар туған. Содан бірер сағаттан кейін үшіншісі «өмірге келген». Олардың бәрі де еркек бұзаулар, жетіліп өсіп келеді. Қазір енесі өрісте, бұзаулар қорада тұр.
Осы өңірдегі қариялар мұндай құбылысты бұрын кездестірмедік деп отыр.