Батыс Қазақстанда сот процестері бейнежазумен жүргізілмек

ОРАЛ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық сотында сот процестері бейнежазумен жүргізілмек.

Батыс Қазақстанда сот процестері бейнежазумен жүргізілмек
Облыстық соттың баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл жоба ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі комитеті мен АҚШ үкіметі арасындағы меморандумға сәйкес еліміздің 33 сотында жүзеге асырылмақ. Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Сарыарқа ауданы, Шучинск, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында сот процестері бейнежазу арқылы өткізіліп келеді. Қазіргі кезде БҚО сотының мәжіліс залдарына төрт бейнекамера мен алты микрофон орнатылған. Алдағы уақытта сот барысы әр тараптан бақыланып, еш кедергісіз тыңдауға мүмкіндік тумақ. Бұл сот ісінің анықтығы мен ашықтығына кепілдік бермек.