Батыс Қазақстанда студенттердің еңбек семестрі басталды

ОРАЛ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жазғы ІІІ еңбек семестрінің салтанатты ашылу рәсімі болды.
None
None

Оған жазғы демалыстарын облысты абаттандыру және құрылыс саласының дамуына үлесімізді қосамыз деген барлық оқу орындарының студенттік еріктілері, оқушылар, командирлер мен сарбаздар жиналды. Мақсаты - жаз бойы студенттерден құралған еңбек жасақтарының жұмысын жандандырып, демалыс уақыттарын тиімді пайдалану арқылы жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Осы орайда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері белсенділік танытқан жастарға сәттілік тілеп, әрдайым бірігіп жұмыстануға шақырды.

Республикамызда 2001 жылы өзінің бастауын алған Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы өңірде 2003 жылдан бастап өз қызметін бастағаны белгілі. Осы кезге дейін 10 мыңға жуық студенттің жазғы демалысында жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік туғызған бұл еңбек жасағы биылғы жаз айларында жастарды Ақжайық, Бөрлі аудандары және Зашаған кентіндегі құрылыс жұмыстарына жұмылдырмақ. Алғашқы маусымда бірден 200-ге жуық студент еңбек майданына аттанбақшы.

Соңғы жаңалықтар