Батыс Қазақстанда су туризмі техникасынан жарыс өткізілді
ОРАЛ. 18 маусым. ҚазАқпарат - Теректі ауданындағы Бобровое көлінде су туризмі техникасынан облыстық жарыс өткізілді.
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан педагог-ұйымдастырушы Әсел Дүйсенованың хабарлағанындай, аталмыш жарысқа облыс аудандарынан барлығы тоғыз команда қатысты. Олар ескек есу, құтқару құралдарын пайдаланудан өз шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, Зеленов, Бөрлі, Ақжайық аудандарының командалары жақсы өнер көрсетіп, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Батыс Қазақстанда халықаралық ынтымақтастық жылы аясында жыл басынан бері осындай шаралар ұйымдастырылып келеді.