Батыс Қазақстанда суға кеткендер саны 22-ге жетті
ОРАЛ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - 9 тамыз күні Зеленов ауданы Үлкен Шаған ауылы тұсында Жайық өзенінен 38 жасар әйелдің мүрдесі судан шығарылды.
Облыстық суда құтқару қызметі бастығының орынбасары Виктор Великановтың айтуынша, әйел 6 немесе 8 тамыз күні суға батып кетсе керек. Мүрдені шығаруға аталмыш қызметтің төрт қызметкері мен бір техникасы қатысты.
Осымен Батыс Қазақстанда биыл суға кеткендердің саны 22-ге жетті. Олардың жетеуі - балалар.