Батыс Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Үкіметінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2007-2009 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Ержан Тұрмағамбетовтің айтуынша, осы мақсатта семинар-кеңестер өткізіліп, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандық, қалалық әкімдіктерге ұдайы әдістемелік көмек көрсетіліп келеді. Аталмыш бағдарламаға сәйкес жыл сайын бюджеттен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына 1000,0 мың теңге бөлініп, бұл қаражат ҚР мемлекеттік органдарының нақты қызмет салаларындағы өкілеттіктерін көрсете отырып, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына жадынамаларды тегін таратуға жұмсалады. Сондай-ақ «Азаматтар мен ұйымдар құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» тақырыбында әлеуметтік маңызды жобалар байқауы жарияланып, оның қорытындысына сәйкес «Жас зерттеушілер» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Соған сәйкес 745 мың теңгенің іс-шаралары ұйымдастырылуда. БҚО бойынша салық департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша декларацияларының дұрыстығына бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде 160 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғап, сотқа жолдады. Соның негізінде 51 материал бойынша сот айыппұл салды. Орал қаласы және аудандық жер қатынастары бөлімдерінде жер телімдерін жаппай түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жер телімдерін алған азаматтардың тізімі жасалды. Сондай-ақ жер телімін алуға кезекке тұрғандар тізімі облыс әкімдігінің сайты мен жергілікті БАҚ-тарда жарияланды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Соңғы жаңалықтар