Батыс Қазақстанда сыртқы сауда айналымы 30 пайызға өсіп отыр
ОРАЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда сыртқы сауда айналымы 8,1 млрд. АҚШ долларын құрап, 30 пайызға өсті.
Облыс әкімдігінен хабарлағанындай, тауар айналымы құрылымында экспортқа 95 пайыз, импортқа 5 пайыз тиесілі.
Сыртқы сауда айналымының сальдосы 7,4 млрд. АҚШ доллары сомасында оңды қалыптасты. Экспорттық тасымал 7,7 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011 жылдың қаңтар-қазанында экспорттық тасымал 5,9 млрд. АҚШ долларын құраған болатын. Импорттық түсімдер 325 млн. АҚШ долларын (өткен жылы осы мерзімде - 296,7 млн. АҚШ доллары) құрады.
Сондай-ақ Кедендік одақ елдерімен сыртқы тауар айналымы 515 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғыдан 26 пайызға көп.
Бұл ретте Ресей Федерациясының көршілес бес облысымен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытында шаралар алынуда.