Батыс Қазақстанда Т.Жароков атындағы мектеп күрделі жөндеуден өткізілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы орталығындағы Тайыр Жароков атындағы орта мектеп оқушылары жаңа оқу жылын жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғырған ғимаратта бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 120 млн. 789 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын атыраулық «Юг-сәулет» ЖШС (директоры Олжас Шағатаев) екі ай ішінде атқарып шықты. Жазғы демалыс кезінде жүргізілген құрылыс ісіне жоғары сынып оқушылары, студенттер мен жұмыссыздар, барлығы 150-ге тарта жергілікті тұрғын тартылды.

Үш қабатты ғимараттың іші-сырты түгел жаңартылды. Физика, химия, биология, мультимедия, лингафон кабинеттері, асхана, спорт залына қоса дәрігерлік бөлмелер ашылып, толықтай жарақтандырылды.

Соңғы жаңалықтар