Батыс Қазақстанда тағы алты адам коронавирустан емделіп шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы алты адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда тағы алты адам коронавирустан емделіп шықты

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардың біреуі – Орал қаласының тұрғыны.

Қалған бесеуі – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жасайтын өңір тұрғындары.

«Бақылау сынамалары оларда вирустың жоқтығын көрсетті. Ауруханада жатқан қалған науқастардың жағдайы жеңіл не орташа күйде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.

Осылайша облыста сауығып шыққандар саны 65-ке жетті.