10:52, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда тағы бір елді мекенге газ жеткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіне қарасты Тінәлиев елді мекенінде көгілдір алау тұтанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мақсатқа 10 млн. теңге бөлініп, жұмысты «Нұржан» ЖШС атқарды. Елді мекенде алпыс алты үй болса, соның жартысына жуығына «көгілдір отын» газ құбыры жеткізілді. Алдағы уақытта мектеп пен фельдшерлік пунктке газ тартылмақ.
Жалпы, Ақжайық ауданының Жайықтың сол жағалауында орналасқан ауылдарына да газ жеткізу жоспарлануда.
Өткен жылы өңірдің 9 елді мекеніне газ құбырын жүргізуге жергілікті қазынадан 2 млрд. 262 млн. теңге, республикалық бюджеттен 500 млн. теңге жұмсалса, биыл да осы шамада қаржы бөлінбек.