Батыс Қазақстанда темекіге қатысты заңдылықты сақтамағаны үшін 550 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ОРАЛ. 2 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда темекіге қатысты заңдылықты сақтамағаны үшін 550 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Батыс Қазақстанда темекіге қатысты заңдылықты сақтамағаны үшін 550 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

БҚО ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Сақыпкерей Сағышевтің айтуынша, соның ішінде кафе, кинотеатр, клуб сынды қоғамдық орындарда шылым шеккені үшін 254, оқу орындары аумағында дәл осындай қадамға барған 296 адамға шара қолданылды. Әкімшілік айыппұл көлемі 931316 теңгені құрады. Сондай-ақ жыл басынан бері 18 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін 5 адам тиісті жазасын алды.