Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар саны көбейіп отыр

ОРАЛ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тіркелген заңды тұлғалар саны көбейіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар саны көбейіп отыр

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, биылғы тамыздың 1-інде өңірде 6969 заңды тұлға тіркелсе, бір айдан кейін ол 6997-ге жетті, мұның 5518-і жұмыс жасайды. Заңды тұлғалардың 5506-сы - жеке, 1340-і - мемлекеттік, 151-і шетелдік болып есептеледі.

Заңды тұлғалардың 25 пайызы - сауда, автомобиль мен үй жиһаздарын жөндеу, 15 пайызы - құрылыс, 14 пайызы жылжымайтын мүлікпен жұмыс саласында тіркелген.